29 желтоқсан 2020 | 08:58

Қорғаныс министрлігінің қызмет көрсету персоналына 9 ай зейнетақы төлемі аударылмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК арнасының сюжетінен кадр КТК арнасының сюжетінен кадр

Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі "Әскери Құрылыс Астана" ірі компаниясында еден жуушы, дала сыпырушы және электриктерге наурыздан бері зейнетақы төлемдері аударылмаған. Қызметкерлердің ешқайсына ескертілмеген, бірақ айлықтың 10 пайызы ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі "Әскери Құрылыс Астана" ірі компаниясында еден жуушы, дала сыпырушы және электриктерге наурыздан бері зейнетақы төлемдері аударылмаған. Қызметкерлердің ешқайсына ескертілмеген, бірақ айлықтың 10 пайызы ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Біз қолымызға бар болғаны 57-58 мың теңге жалақы аламыз. Ал түбіртекте 6600 ұсталды деп көрсетілген. Бірақ наурыздан бастап зейнетақы қорына ақша аударылмаған. Мен үй алғым келіп банкке бардым, бірақ маған несие бермеді. Түсім болмағанын айтты. Сөйтсем тоғыз ай бойы зейнетақы төлемі жасалмаған. Басқа ұйымдарда сыйақы және сыйлық беріп жатыр, бізге ол керек емес. Өз ақшамызды берсеңіздер жетеді", - деді Балқия Тұрғынбаева телеарна сюжетінде.

Телеарна мәліметінше, 28 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы Бас әскери полиция басқармасы клининг қызметкерінсіз қалды. 70-тен аса адам кеңседегі директорға келіп, зейнетақы ақшасының қайда екенін талап етті. Сондай-ақ олар Жаңа жылға дейін береміз деп уәде еткен жалақыны да сұрады. Әкімшілік жағдайдың қиын болғанына сілтеп, зейнетақыны бір реттік траншпен кейін жіберетінін айтты. Бірақ персонал бұған келіспей, прокуратураға шағымданатынын жеткізді.

"Алдымен жалақы береміз, содан кейін зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру төлемі туралы ойланамыз. Біз басында жыл соңына дейін, шамамен ай бұрын, жыл соңына дейін 1,9 миллиард теңгеге жуық түседі деп жоспарладық. Алайда 11 желтоқсанда біз шартты 900 миллион теңгеге азайтып, қосымша келісім жасадық. Бұл да қосымша қиындықтар туғызды", - деп түсіндірді "Әскери құрылыс Астана" ЖШС қаржы бойынша директоры Олжас Бекмағамбет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети