31 тамыз 2021 | 15:22

Қорғаныс министрінің отставкаға кеткені туралы жарлық жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Нұрлан Ермекбаев. Фото: gov.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Ермекбаевтың жұмысы кезінде мұндай жағдай екінші рет қайталанып отыр. 2019 жылы Арыста жойқын жарылыстар болған еді. 

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысында болған жарылыстардан кейін отставкаға кететіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная