07 қыркүйек 2015 | 18:42

"Қорғас - Шығыс қақпасы" жобасына инвесторлар тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі © "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

"Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының инвестициялық-логистикалық жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба қатысушыларымен болған жиында компания президенті Асқар Мамин жобаға қазақстандық және шетелдік инвесторларды тарту мәселесін талқылады.


Иконка комментария блок соц сети

"Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының инвестициялық-логистикалық жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба қатысушыларымен болған жиында компания президенті Асқар Мамин жобаға қазақстандық және шетелдік инвесторларды тарту мәселесін талқылады.

Маминнің айтуынша, Қазақстанның және Қытайдың басшылары бұл жобаны дамытуға үлкен мән беріп отыр. Осыған дейін хабарланғандай, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары кезінде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Асқар Мамин мен Цзянсу провинциясының губернаторы Ли Сюеюн "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА жобасын бірге дамыту туралы стратегиялық келісімшартқа қол қойған болатын.

"KTZE - Khorgos Gateway" ЖШС коммерциялық департаментінің директоры Хичам Белмачидің айтуынша, "Қорғас" әлемге танылып үлгерді. Әлемнің ірі логистикалық компаниялары өздерінің кәсіпорындарын ашып, логистикалық қызметтерін бастауға мүдделі. Олардың ішінде DHL, HP, DBSchenker және басқа да ірі логистикалық компаниялар АЭА-ның қарқынды дамып жатқанына көз жеткізіп үлгерді.

"Олар осы жерде қазақстандық және шетелдік компанияларға салықтық жеңілдіктер қолданылатынын біледі. Сол арқылы жүкті Қытайдан Еуропаның көптеген елдеріне, Ресейге, ТМД-ның және Парсы шығанағы елдеріне шығаруға мүмкіндіктері бар", - деді Белмачи.

Асқар Мамин "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА еуразиялық құрлықтағы маңызды жоба екенін айта отырып, қазіргі таңда мұнда инфрақұрылымдық нысандар салынғанын, алдағы уақытта инвесторлардың белсенді жұмыс жасауына барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

"Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА басқарушы компаниясының бас менеджері Әли Қарабалиннің айтуынша, жоба құрылысының негізгі жұмыстары аяқталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети