22 қаңтар 2014 | 13:29

"Қорғас ісіне" қатысты сот процесінде айқай шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

youtube.com сайтындағы видеоның кадры youtube.com сайтындағы видеоның кадры

"Қорғас ісіне" қатысты дау-дамайлар туындай бастады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Соңғы сот отырыстарының бірінде айқай шықты. Отырыс залында негізгі куәгер - Бетон мен Саныч деген лақап аты бар агент Талғат Махатовтан жауап алу жалғасып жатыр. Судья іске қатысты бейнежазбалар қаралатынын хабарлаған кезде айыпталушылар өре түрегелді - олар бейнежазбаларды қарауға Бас прокуратураның санкция бермегенін айтып, наразылық білдірді. Айыпталушылардың бірінің адвокаты бейнежазбалардың заңсыз жолмен алынғанын айтты. Бұл жазбаларды "Қорғас" кеден бекетінде қылмыстық топ арасына енген Махатовтың өзі түсірген. Осыдан кейін ұйымдасқан топтың әрекеті әшкере болды. Айыпталушылар бейнежазбаларды қарауға үзілді-кесілді қарсы болып, сот тыңдауын тоқтатуды талап етті. Шу шыққан соң куәгерді залдан босатып, тыңдауды тоқтатуға тура келді. "Қорғас ісі" бойынша сот процесі жарты жылдан бері жалғасып келеді. Талғат Махатов сотқа бұған дейін де куәгер ретінде қатысқан болатын. Қаңтардың 21-і күні сот аудиожазбаларды тыңдауға кірісті. Соның нәтижесінде айыпталушылардың адвокаттары судья - қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот төрағасы Советхан Сәкеновке наразылық келтірді. Бірақ судья Ербол Ахметжанов наразылықты қабылдамады. Түстен кейін Советханов үш сағаттық аудиожазбаларды тыңдауды жалғастырды. Куәгердің айтуынша, жазбалар -айыпталушы Талғат Қайырбаевтың кәсіпкер деп шамаланған беймәлім ер адаммен әңгімесі. Бұл екеуі автокөліктердің жолақысы жөнінде келіскен. Бұған дейін "Қорғас ісі" бойынша сот қызметкерлерінің 600 бейнежазбаны зерттеуі керектігі хабарланған болатын. Іс бойынша айыпталушы ретінде 45 адам сотта жауап беріп жатыр, олардың 50 адвокаты бар. Сот отырыстары кезінде айыпталушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, оған медициналық көмек көрсетуге тура келген де болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети