Шекара қызметкерлерінің 27 сәуірде таңғы уақытта "Қорғас" ШЫХО аумағында жүргізген іс-шараларының барысында "Алтынкөл" кеден бекетінен кеден бақылауынан жасырылған (жалпы салмағы 5 525 келі болатын 277 тауар) халық тұтынатын тауарлар табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қорғас" ШЫХО "Алтынкөл" кеден бекетіндегі бас маман хабарлады.

Тауарлардың барлығы кәріз люктерінде жасырылған. Барлық тауар тәркіленіп, уақытша сақтау қоймасына көшірілді.
"Жергілікті тұрғындар тауарларды уақытша сақтау қоймасына көшіру кезінде шекара қызметкерлері мен кеден қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Түсіндірме жұмыстары жүргізілген соң жағдай тұрақталды. Барлық тауар қоймаға көшірілді, қазіргі уақытта осы тауарларға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деді кеден қызметкері.
"Мұндай іс-шаралар күнделікті жүргізіліп отырады. 22-27 сәуір аралығында ұсталған тауарлардың жалпы салмағы 16 тонна 4631 келіге жетті", - дейді ол.