Көркем гимнастикадан ҚР Кубогы мен Чемпионаты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көркем гимнастикадан ҚР Кубогы мен Чемпионаты басталды Фото: Шымкент ІСБ баспасөз қызметі

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан жастар мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы мен Чемпионаты өтіп жатыр. 15-18 қазан күндері аралығына жоспарланған сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, еліміздің барлық өңірінен жалпы 19 команда келген, - деп хабарлайды Шымкент әкімдігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан жастар мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы мен Чемпионаты өтіп жатыр. 15-18 қазан күндері аралығына жоспарланған сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, еліміздің барлық өңірінен жалпы 19 команда келген, - деп хабарлайды Шымкент әкімдігі.

Қазақстан Республикасының Кубогы мен Чемпионатында 300-ден аса спортшы екі жас ерекшелік бойынша жекелей және көпсайыс түрінен бақ сынайды.

Әкімдік мәліметінше, Аталған жарыстың маңызы жоғары. Себебі, ел кубогының және чемпионаттың жеңімпаз, жүлдегерлері алдағы жауапты бәсекелерде ел намысын қорғайды.

Дәстүрлі түрде Шымкент қаласында ұйымдастырылған маңызды чемпионаттың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан Гимнастика федерациясының Президенті Әлия Юсупова, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Дәрменов қатысты. Қала әкімі көпшілікпен бірге ел чемпионатын тамашалап, ұйымдастырушыларға сәтілік тіледі.

"Шымкентте ҚР чемпионаты мен кубогын өткізуге барлық жағдай бар. Сондықтан да, аталған чемпионат жыл сайын бізде өтіп жатыр. Келесі жылы еліміз үшін маңызды спорттық дода – Жазғы Азия ойындары. Соған қазірден бастап дайындық жүргізілуде. Өздеріңіз білесіздер, әр Олимпиада ойындарына көркем гимнасшылар қатысып келеді. Біз осы дәстүрді жоғалтып алмауымыз керек. Азия ойындарында да жеңісті жолды жалғастыру басты назарда тұр", – дейді Әлия Мақсұтқызы.

Айта кетсек, бүгінгі таңда қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде 42 жаттықтырушы-хореографтар құрамы 400-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Осы спорт түрінен дарынды жастар, тәжірибелі спортшылар қаламыздың атынан әлемдік аренада танылды. Сабина Әшірбаева, Эльжана Таниева Олимпиада ойындарында бақ сынады. Токио олимпиадасының қатысушысы Алина Әділханова Азия Ойындарының жеңімпазы атанды.

Tengrinews
Шымкет ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети