25 наурыз 2016 | 17:54

Көркемдік кеңес Астанадағы даулы мүсінге қатысты шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елордадағы ғашықтар саябағында орналасқан "Бақытым менің" мүсіні бойынша өткен көркемдік кеңестің қорытындысын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елордадағы ғашықтар саябағында орналасқан "Бақытым менің" мүсіні бойынша өткен көркемдік кеңестің қорытындысын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Скульптуралық даму жөніндегі көркемдік кеңестің бірінші жиналысы болып өтті. (...) Комиссияның құрметті мүшелері мүсінге мата жапқандарға қарағанда оптимистік көзқараста. Олардың пікірінше, айтарлықтай ереже бұзушылық немесе көз тоймайтындай, жалаңаштанған ештеңесі жоқ. Барлығы бұл туындыға жоғары баға беріп отыр", - деді Мұхамедиұлы Парламенттің үзілісінде тілшілерге жауап беру кезінде.

Ол жұртты сабырға шақырып, көркемдік кеңестің қорытынды шешімін күту керек екенін айтты. "Бұл бірінші отырыс. Біз қазір автордан ұсыныс күтіп отырмыз, себебі бұл оңай мәселе емес. Мұнда "иә" немесе "жоқ" деп дауыс бере салатын жағдай емес, басқа мамандардың да пікірін сұраймыз. Мұнда бүге-шегесіне дейін зерттеу керек. Себебі жағдайлар болуы мүмкін. Егер қазір мүсін біздің нормативтерге сәйкес келмейді десек, онда бүкіл Қазақстан бойынша тексеріс жүргізуіміз керек болады", - деді министр.

Астананың орталығындағы Ғашықтар саябағында орналасқан "Ғашықтар" немесе "Бақытым менің" композициясына елорда тұрғындары екіұшты пікір айтқан еді. Ол 2005 жылдың 10 маусымында орнатылған болатын. Оның ашылуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мәскеу мәрі болған Юрий Лужков қатысқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети