"Экибастузтеплоэнерго" ЖШС директоры Виктор Вебер әлеуметтік желіде Екібастұз ЖЭО туралы тараған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Экибастузтеплоэнерго" ЖШС директоры Виктор Вебер әлеуметтік желіде Екібастұз ЖЭО туралы тараған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вебердің сөзінше, әлеуметтік желіде тараған видеодағы ғимарат - ескі қазандық. Бүгінде ғимарат пайдаланылмайды және ол жердегі қазандықтар жұмыс істеп тұрған жоқ. Соңғы қазандық 20 жыл бұрын қиратылған.

"Апокалипсис, қорқынышты фильм сияқты", "Дереу Голливудты шақыру керек, қорқынышты фильм үшін керемет декорация ғой", - деді пікір жазғандар.
Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын. Сол уақыттан бері қалада тұрғындар жылу жоқ екенін айтып, шағымдана бастаған. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!