Коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін жалғасады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін жалғасады - БАҚ Сурет: elements.envato.com

NHS (Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі) шенеуніктеріне арналған нұсқау құжатында коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін созылады және Ұлыбритания халқының 80 пайызы вирус жұқтырады деген болжам жазылған, - деп хабарлайды Independent Eagle.

ПОДЕЛИТЬСЯ

NHS (Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі) шенеуніктеріне арналған нұсқау құжатында коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін созылады және Ұлыбритания халқының 80 пайызы вирус жұқтырады деген болжам жазылған, - деп хабарлайды Independent Eagle.

"Келесі 12 айда халықтың 80 пайызына дейін Covid-19 жұқтырып, 15 пайызға дейін (7,9 миллион адам) ауруханаға жатқызылады деген болжам бар", - деп жазылған табылған құжатта, оны The Guardian жариялады.

Ақпарат бойынша, құжат аурухана басшылары мен NHS аға дәрігерлеріне таратылған. Құжатты Англия азаматтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сарапшылар тобы жасаған.

Басылым өкілдері құжатты Англияның Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы тексергенін және растағанын айтады.

Ұлыбританияда вирус жұқтарғандар саны алдағы апталар мен айларда ұдайы өсіп отырады, ал мамырдың соңы мен маусымның ортасына дейін олардың саны шарықтау шегіне жетеді деп болжанды.

Еске салайық, 15 наурызда Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырғандардың саны 1372-ге дейін өскенін, ал қайтыс болғандардың саны 35 адамға жеткенін және 14 пациент ағзасынан COVID-19 анықталған соң қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок 70 жастан асқан британиялық қарт кісілердің барлығы төрт айға дейін оқшаулануы тиіс екенін растады. Сондай-ақ, бұл қадам алдағы аптада жарияланатынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети