Алматыда пневмониясы болған науқастар тексеруден өтіп жатыр. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда пневмониясы болған науқастар тексеруден өтіп жатыр. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас санитар дәрігердің сөзінше, қалада пневмониясы болған адамдарға эпидемиологиялық талдау жүргізіліп жатыр. Молдағасымованың айтуынша, пневмониясы бар адамдарды коронавирустық инфекцияға тексеру туралы шешім 25 наурызда қабылданған.
"Қала бойынша 277 адам тіркелген. 248 адам тексерілді, оның 25-інен коронавирустық инфекция анықталды", - деді Айзат Молдағасымова.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 764 адам тіркелді. Оның 121-і Алматыдан анықталды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!