Коронавирус анықталған жолаушымен Нұр-Сұлтанға ұшып келген 53 адам оқшауланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус анықталған жолаушымен Нұр-Сұлтанға ұшып келген 53 адам оқшауланды ©REUTERS

Коронавирус жұқтырған қазақстандықпен Нұр-Сұлтанға 89 адам ұшып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған қазақстандықпен Нұр-Сұлтанға 89 адам ұшып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"12 наурыздағы Мәскеу - Нұр-Сұлтан рейсіндегі жолаушылар туралы ақпарат. 13 наурызда Нұр-Сұлтанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді. Ол Милан арқылы Мәскеу - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келген.

Бортта барлығы 89 адам болған. Оның ішінде 42 қазақстандық бар. Басқа елдерден 47 адам болған. Ресей - 42, Нидерланды - 1, Аустралия - 1, АҚШ - 1, Украина - 1, Мексика -1. Барлық 89 жолаушы табылды. Нұр-Сұлтан қаласынан 35 жолаушы шықты, олардың ішінде 14 адам Қазақстанның басқа аймақтарына кетті, жолаушылар аймақтық денсаулық сақтау басқармаларына берілді. 14 азамат провизорлық станцияларға жатқызылды - бұл Алматы, Атырау, Степногорск, Қарағандыда", - деді Нұр-Сұлтан Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова брифингте.

Оның айтуынша, бүгін таңертең сағат 08.00-де аталған аймақтарда осы адамдарды табу үшін тексеру жұмыстары жүргізілді.

"Сондай-ақ, 21 жолаушы Ресейге ұшып кетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 54 жолаушы бар. Оның 53-і елордалық стационарға жатқызылды. Ресейдің бір азаматы дипломатиялық дәрежесінің болуына және Ресей елшілігі нотасының берілуіне байланысты елшілік аумағында қалды. Барлық ауруханаға жатқызылған 53 жолаушыға зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қосымша ақпарат беріледі", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети