02 наурыз 2020 | 12:52

"Коронавирус діни орында таралған". Тоғжанов қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© reuters © reuters

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мешіттерде енгізілген сақтық шараларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мешіттерде енгізілген сақтық шараларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасап, қазақстандықтаға мешітке келмей, үйде құлшылық жасауға кеңес берген.

Бұл мәселеге қатысты Ералы Тоғжанов өз ойын айтты.

"Мешіттерге байланысты алдын алу шаралары енгізілді. Бұл мәселеге қатысты бас имамдардың өздері шешім қабылдау керек деп ойлаймын. Ашығын айтқанда, Алланың алдында ниет ету тек мешіттерде ғана емес, әрбір азамат үйінде де ниет ете алады. Бұл - әрбір азаматтың жеке құқығы", - дейді ол үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда үкімет басшысының орынбасары қазақстандықтарға көпшілік орындарға жиі бармай, сақ болуға кеңес берді.

"Оңтүстік Кореяда коронавирус діни орында таралған болатын. Оны біз ескеруіміз керек. Сондықтар азаматтарға осындай мәселелерді айту керекпіз", - деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустан қалай сақтануға болатынын, сау адамға бетперде тағудың қажеті жоғын, қауіпті дерттен сақтану мақсатында еліміздегі шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық бақылау күшейгенін хабарлады.

Коронавирус: Біртанов елімізде қанша адамның бақылауда екенін айтты

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын мәлімдеді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирустан 2912 адам қайтыс болды. Ал 44 462 адам қауіпті вирустан айығып, ауруханадан шығарылды. Сондай-ақ бүгін коронавирус Әзербайжан, Эквадор, Ирландия, Монако және Катардан анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети