ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2020 | 13:47
Коронавирус: жағдайы ауыр науқастарды емдеуге 1,5 миллион теңгеден бөлінеді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша қаржы бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша қаржы бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Коронавирустық инфекцияны диагностикалау, емдеу және оның асқынуына байланысты барлық шығынды медициналық ұйымға өтеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры науқастардың жағдайының деңгейін ескере отырып тарифтер әзірледі", - деді Төкежанов ОКҚ онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, коронавирусты жеңіл өткізіп жатқандардың емделуіне 292,6 мың теңге, орташа деңгейдегі науқастарға - 446,1 мың теңге, жағдайы ауыр науқастарға 1,5 миллион теңге бөлінеді. Ал жағдайы өте нашар науқастардың емделуіне әрқайсына қор 1,7 миллион теңге бөледі.
"Жедел жәрдем көрсету тарифінің құрылымында жеке қорғаныш заттарына кететін шығыс орта есеппен 40 пайызға өсті. Науқастар үшін стационар деңгейінде және амбулаториялық деңгейде емдеу мен диагностика КВИ және пневмониясы барларға тегін көрсетіледі", - дейді Қор басшысы.
Коронавирусқа қарсы күрес шараларына қанша қаражат бөлінді?
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также