27 шілде 2020 13:09

Коронавирусқа қарсы күрес шараларына қанша қаражат бөлінді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов жалпы коронавирусқа қарсы күрес шараларына 56,7 миллиард теңге бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов жалпы коронавирусқа қарсы күрес шараларына 56,7 миллиард теңге бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы коронавирусқа қарсы күрес шараларына 56,7 миллиард теңге бөлінді. Халыққа көмек көрсету бойынша 630 жеткізушімен келісімшарт жасалды, оның ішінде, стационарда емделуге, медициналық көмек көрсетуге 13,4 миллиард теңге, медицина қызметкерлеріне үстем ақы төлеу үшін - 38,1 миллиард теңге, ПТР-диагностикаға - 5,2 миллиард теңге бөлінді", - дейді Төкежанов ОКҚ онлайн-брифингінде. 

Болат Төкежанов қордан маусымның соңына қарай жеткізушілер мен медицина қызметкерлеріне ерекше жағдайларда жұмыс істегені үшін 44 миллиард теңге төленгенін, ол бөлінген соманың 75 пайыздан астамы екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети