Коронавирус және пневмония: 31 қазақстандық қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус және пневмония: 31 қазақстандық қайтыс болды © Тұрар Қазанғапов

14 тамызда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 тамызда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 934 жағдайы және 10 өлім жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, 21 пациент коронавирустан көз жұмды.

1 тамыздан барлығы: пневмониямен ауырғандар - 16666 және 198 өлім жағдайы тіркелді.

"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 21 859 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 104 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 738 науқас жатыр. 18 121 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 420 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланды. 80 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда өткен тәулікте 476 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 101848. Сондай-ақ, COVID-19 жұқтырған 1877 адам сауығып шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 78633.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети