Коронавирус және пневмония: тағы 23 адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус және пневмония: тағы 23 адам қайтыс болды Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан 23 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 


Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан 23 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 

15 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 316 адам коронавирус инфекциясынан (38 769 КВИ+ және 547 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 033 пациент стационарда, 25 283 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 798 адамның жағдайы ауыр,
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 107 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

13 мамырдағы мәлімет бойынша, 130 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған. 99 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 54 014, өлім жағдайлары - 852, барлығы 52 615 адам сауығып шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети