26 наурыз 2020 | 13:09

"Коронавирус жұқтырдым". Өскеменде мас ер адам дәрігерлерді қорқытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен қаласында коронавирус жұқтырғанын айтып, арнайы қызметтің маманын алдап шақырған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Өскемен қаласында коронавирус жұқтырғанын айтып, арнайы қызметтің маманын алдап шақырған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирус бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 нөмірлі Сall-орталыққа 25 наурызда қоңырау түскен.

Өскемен қаласының тұрғыны коронавирус жұқтырып алғанын хабарлайды.   Орталықтың операторына ол жақында Тайландтан келгенін, содан бері бірнеше күн бойы ЖРВИ белгілерін байқағанын айтқан. Шақырылған мекенжайға жедел жеткен мамандар 39 жастағы ер адамнан вирустық инфекцияның белгілерін анықтамады.

ЖТұрғын толық сау, есесіне ішімдік ішкен болып шықты. Яғни өзіне қатысты жалған ақпаратты мастықпен айтқаны белгілі болды. Жағдайға полиция араласып, оның шетелге шықпағанын да анықтады. Жалған ақпарат бергені үшін өскемендік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы 1-бөлігі (арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бап санкциясы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға мәжбүрлейді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети