Коронавирус жұқтырған 340 бала бақылауда - Министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған 340 бала бақылауда - Министрлік © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталған 3164 бала тіркелді. Оның 114-і жаңа туған нәрестелер. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталған 3164 бала тіркелді. Оның 114-і жаңа туған нәрестелер. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, коронавирус бойынша балалар өлімі тіркелген жоқ.

"Бүгінде коронавирус жұқтырған 340 бала бақылауда, оның ішінде: жаңа туған нәрестелер - 3, 28 жастан 18 жасқа дейінгі балалар - 337, ауруханаға жатқызылған - 55, амбулаторлық емде - 285.

Жеті балаға вирустық пневмонияға тән белгілері бар COVID-19 асқынуы диагнозы қойылды, 3 пациентте пневмония негізінен бактериялық сипатта болды", - деді министрлік өкілі.

Сырқаттану өсімі барлық өңірде байқалып отыр - ДСМ

Еске салайық, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 113 741-ге жетті. 106 893 адам жазылды, 1 857 адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети