Нұр-Сұлтанда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға кафеге барғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы елорда әкімдігі сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға кафеге барғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы елорда әкімдігі сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Байқоңыр ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары оқшаулау режимін бұзған тұрғынға қатысты хаттама (ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі) толтырған, оған 87 510 теңге (30 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.
Әкімдік мәліметі бойынша, биыл 5 сәуірден бастап Ashyq жобасына қатысатын түрлі нысанда үй карантинін бұзған 4039 адам анықталған. Оның ішінде 1888 адамда "қызыл" мәртебе (коронавирус жұқтырғандар), 2151 адамда "сары" мәртебе анықталған (байланыста болғандар).
"11-27 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 адам анықталды (жұқтырғандар, "қызыл" мәртебесі бар – 247 адам, жақын байланыста болғандар, "сары" мәртебесі бар – 244 адам)", - делінген әкімдік сайтында.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ПТР-сынамасы оң және "сары" мәртебесі бар елорда тұрғындарын 14 күндік үй карантинін сақтауға шақырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!