Коронавирус жұқтырған ирандық шенеунік қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған ирандық шенеунік қайтыс болды © ifpnews.com

Коронавирус жұқтырған Ирандағы ықпалды орган шенеунігі Мохаммад Мир-Мохаммади қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған Ирандағы ықпалды орган шенеунігі Мохаммад Мир-Мохаммади қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Tasnim агенттігінің мәліметі бойынша, Мохаммад Мир-Мохаммади дүйсенбі күні көз жұмды, ол Иранның жоғарғы көшбасшысы жанындағы кеңесші органның қабылданған шешімдердің орындылығын анықтау жөніндегі кеңестің мүшесі болған.

Бұған дейін Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи мен Иранның әйелдер және отбасы істері жөніндегі вице-президенті Масуме Эптекар коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. 

Бірнеше күн бұрын коронавирустан Иранның Ватикандағы бұрынғы елшісі Хади Хоссровшахи қайтыс болды. Ол 81 жаста болған.

Айта кетейік, жексенбі күні жарияланған соңғы мәліметтер бойынша, 19 ақпаннан бастап Иранда коронавирус жұқтырған 978 адам тіркелген, оның 54-і өліммен аяқталды, 173 адам сауығып кетті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети