Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйел бес ай бойы ауырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйел бес ай бойы ауырған

Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйел мамырдан қазан айына дейін ауырғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйел мамырдан қазан айына дейін ауырғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазан айының соңында Желіде жұмыста коронавирус жұқтырғаны үшін өтемақы ала алмай жүрген жедел жәрдем қызметкерінің видеосы тараған болатын. Видеода әйел осымен екінші рет коронавирус жұқтырып, ауырып жатқанын және ол кезде Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелмеген деп мәлімдегенін айтады.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Саяра Набидинованың коронавирусты екінші рет жұқтырмағанын, тек вирустың ұзақ уақытқа созылғанын айтты.

Науқаста коронавирус мамырда анықталған екен.

"25 мамырдан 5 маусымға дейін Алматыдағы И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының профильді стационарында ем алды. Ем клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді", - деді ведомстводағылар.

Алайда 1 қазанда науқас коронавирусты қайта жұқтырдым деп ауруханаға көмекке жүгінген. Бірақ тест теріс нәтиже көрсеткен.

Ал кеуде қуысының компьютерлік томографиясында әйелден екіжақты полисегментальды пневмония анықталған.

"Бұл жағдай консилиумда қаралды. Ауру анамнезіне сүйене отырып, консилиум науқас Набиденова коронавирус инфекциясын қайта жұқтырмаған, тек коронавирус ұзақ уақытқа созылған деген шешімге келді. Шетел әдебиеттерінде бұл термин "ұзақ ковид" деп аталады", - деді Министрлік өкілдері.

Айта кетейік, науқас ауруханадан 14 қазанда шығарылған. Қазіргі уақытта учаскелік дәрігердің бақылауында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети