Коронавирус жұқтырған оқушы саны қанша? Цой жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған оқушы саны қанша? Цой жауап берді Фото Тұрар Қазанғапов©

Онлайн режимде оқу кезінде коронавирус жұқтырған оқушылардың саны мектепке барып вирус жұқтырғандардан екі еседен көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Онлайн режимде оқу кезінде коронавирус жұқтырған оқушылардың саны мектепке барып вирус жұқтырғандардан екі еседен көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқытудың дәстүрлі форматы енгізілгеннен бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өскені байқалады. Төртінші тоқсанның басынан бері 3 706 бала ауырып қалды, оның ішінде білім алушылар арасында офлайн - 1093, онлайн - 2613. Төртінші тоқсанда вирус анықталған, дәстүрлі форматта оқитын оқушылардың ең көп пайызы Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Ал қашықтан оқитындар арасында Нұр-Сұлтан мен Алматыда көп анықталды", - деді Цой Үкімет отырысында.

Министр әкімдіктер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын және білім беру ұйымдарында коронавирустың алдын алу шараларының орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі қажет екенін айтты. 

"Қызыл аймақта орналасқан өңілер офлайн режимде оқуды қайта бастамасын", - деп тапсырды Алексей Цой.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети