18 қаңтар 2021 | 18:18

Коронавирус жұқтырған Олжас Сүлейменов пен Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы айтылды

Олжас Сүлейменов пен Мейрамбек Бесбаев

Коронавирус жұқтырған қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен "МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматы ауруханаларында емделіп жатыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Бесбаев пен Сүлейменовтің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус жұқтырған қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен "МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматы ауруханаларында емделіп жатыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Бесбаев пен Сүлейменовтің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы тұрақты деп бағаланады.

Реклама
Реклама

"Жағдайы тұрақты. Мейрамбек Бесбаевқа дәрігерлер емделу алгоритмін жазып берді", - деді ведомство өкілдері.

Ал Олжас Сүлейменовтің жағдайы жақсарғаны айтылады.

"Денсаулығы жақсаруына байланысты Олжас Сүлейменов пен әйелі 15 қаңтарда ауруханадан шығарылып, үй жағдайында ем алып жатыр. Олжас Сүлейменов пен әйелі ауруханаға 5 қаңтарда түскен болатын", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Олжас Сүлейменов пен оның жұбайының коронавирус жұқтырғаны туралы 14 қаңтарда хабарланған болатын. Бұл туралы белгілі қазақстандық журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында жазған еді.

Ал Мейрамбек Бесбаевтың коронавируспен ауруханаға түскені 17 қаңтарда белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная