14 қаңтар 2021 13:04

Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы Алматыда коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы Алматыда коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы белгілі қазақстандық журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Олжас Сүлейменов пен оның әйелі Маргарита Владимировна Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған.

"Бүгін, 14 қаңтарда арнайы бригада оларды коронавирус жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына апарды. Онда кіруге болмайды. Маргарита Владимировна Олжасқа қарағанда ауыр халде. Дәрігерлер оларға көмектесуге тырысып жатыр, бір сөзбен айтқанда, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен олардың қызы Мадинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға айтарлықтай себеп жоқ, ем қалыпты жүріп жатыр", - деп жазды Ғабдуллин.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирус жұқтыруына байланысты ауруханаға жатқызылғанын растады.

"Олжас Сүлейменов пен жұбайы РВ-90 ауруханасына жатқызылды. Олардан коронавирус анықталды. Алайда ерлі-зайыпты қазір жазылды. Ертең, 15 қаңтарда олар аураханадан шығарылады", - деді басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети