"Коронавирус жұқтырғаны үшін айыппұл". Санитар дәрігерлер хабарламаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Коронавирус жұқтырғаны үшін айыппұл". Санитар дәрігерлер хабарламаға қатысты пікір білдірді

Желіде Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерінің COVID-19 жұқтырғаны үшін дәрігерлерге 880 мың теңге айыппұл салатыны туралы жазба пайда болды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерінің COVID-19 жұқтырғаны үшін дәрігерлерге 880 мың теңге айыппұл салатыны туралы жазба пайда болды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Дереккөз мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі де, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті де коронавирустық инфекцияны жұқтырған дәрігерлерге айыппұл салу туралы қаулы шығарған жоқ.

 

"Бұл жалған ақпарат. Мен осы хабарламаны жазған дәрігерге хабарластым, біз бәрін анықтадық. Қазір бұл мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы шаралар қабылдап жатыр. Бізде мұндай заңдар жоқ және болмайды да. Оны нақты айта аламын. Біз әр дәрігерді бағалаймыз. Осы дәрігерлер бізге пандемиямен күресуге және қазақстандықтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі", – деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети