Коронавирус жұқтыру дерегі 30 пайызға артты - Цой

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтыру дерегі 30 пайызға артты - Цой Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі ақпанмен салыстырғанда 30 пайызға артты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі ақпанмен салыстырғанда 30 пайызға артты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Наурызда коронавирус жұқтыру дерегі ақпанмен салыстырғанда 30 пайызға артты - тәулігіне 1800-ге жуық науқас тіркелді. Сәуірдің бес күнінде 9 983 жағдай тіркелді, күніне 2 мың адамға дейін ауырып жатыр", - деді Цой үкімет отырысында.

Оның айтуынша, науқастар саны артуы ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамдардың айналымымен байланысты.

"Аймақ әкімдері төсек-орын мен жедел медициналық көмек көрсететін мобильді бригадаларды дайындау бойынша шаралар қабылдауы қажет", - деді ведомство басшысы.

Цой Қазақстанның тағы бір облысы 6 сәуірде "қызыл" аймаққа енгенін айтқан.

Кейінгі тәулікте Қазақстанда 1 809 адамнан коронавирус табылған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.89   556.83   5.94 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети