1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Коронавирус жұқтыру қарқыны күрт төмендеуі мүмкін

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев егер тұрғындар карантин ережесін сақтайтын болса екі аптадан кейін қалада коронавирус жұқтыру деңгейі күрт төмендейді деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтар, отбасылар мен ұжым арасындағы қарым-қатынасты барынша шектеу коронавирустық инфекцияның төмендеуіне ықпал етеді. Егер өзін-өзі бақылау жоғары деңгейде болса, біз екі аптадан кейін қала тұрғындары арасында COVID-19 вирусының тарауын күрт төмендеуі мүмкін", - деді Әбілдаев.

Қаланың бас дәрігері алматылықтардың және басқа да аймақтардың тұрғындары тарапынан карантин ережесін түсініп, оны сақтайтынына сенетінін жеткізді. 

Еске салайық, бүгін коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті. Алматы қаласында барлығы 90 науқас тіркелді. Екеуінің ауыр жағдайда, 10 ересек адам орташа жатыр. 11 адам коронавирус індетінен айығып шықты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Қазақстанда күн суытады