13 шілде 2020 | 16:31

Коронавирус жұқтырып, жазылғандарға қымыз бен шұбат ішуге кеңес берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Коронавирус жұқтырып, ауруханадағы емдеу курсынан кейін науқастар үйде тыныс алу гимнастикасын жасауы керек, сонымен қатар, қымыз бен шұбат ішуге кеңес берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус жұқтырып, ауруханадағы емдеу курсынан кейін науқастар үйде тыныс алу гимнастикасын жасауы керек, сонымен қатар, қымыз бен шұбат ішуге кеңес берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Науқастарымызға тыныс алу гимнастикасын жасауға кеңес береміз. Бұл - өкпенің терең тыныс алуы үшін ең қарапайым жаттығулар. Бұл жаттығуларды үйде жүйелі түрде жасау керек. Кейде тіпті күніне үш рет 15-20 минуттан. Бірақ міндетті түрде өкпе тыныс алуы керек", - деді профессор ОКҚ өткен онлайн-брифингте.

Дәрігердің айтуынша, коронавирус жұқтырып, жазылғаннан кейін қазақтың ұлттық сусындарын және кей шөптен жасалған тұнбаларды ішудің де маңызы зор. Себебі олар иммунитетті көтереді.

"Қымыз, шұбат секілді ұлттық сусындарымыздың шипасы зор. Науқастарда панкреатит немесе асқазанда қандай да бір жара болмаса, осыларды ішуге болады. Себебі бұл сусындар дәрумендерге, микроэлементтерге бай. Олар денсаулықты қалпына келтіруге көмектеседі. Коронавирус инфекциясы ағзаға үлкен стресс болады. Яғни реактивность өте төмен болып қалады. Сондықтан осы сусындарды ішуге кеңес беретін едім. Тағы өкпені тазартуға шөптен жасалған тұнбаларды: пармелия, қызылмия тамырлары және басқалары", - деді пульмонолог.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети