Коронавирус қант диабетін тудыруы мүмкін - дәрігер

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус қант диабетін тудыруы мүмкін - дәрігер

Созылмалы аурулары бар науқастарда, соның ішінде қант диабетімен ауыратын науқастарда COVID-19 инфекциясы ауыр өтеді деген қауіп бар, алайда соңғы клиникалық зерттеулердің нәтижелері COVID-19 қант диабетінің дамуына себеп болуы мүмкін екенін көрсеткенін айтады эндокринолог Светлана Шокур, Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

"COVID-19-бен күрестің екінші жылында ғалымдар коронавирус инфекциясының ауыр және орташа ағымы қант диабетінің дамуымен байланысты екенін анықтады. SARS-Cov-2 вирусы ағзаға ену үшін тек өкпеде, бауырда, бүйректе және аш ішекте ғана емес, ұйқы безінде де болатын АӨФ-2 рецепторларымен (ангиотензин түрлендіретін фермент-2) байланысады", - деді Шокур.

Дәрігер осыған байланысты инсулин өндіретін және қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге жауапты ұйқы безінің бета жасушалары вирустың нысана жасушаларына айналып, жойылатынын түсіндірді.

"Зақымдану дәрежесі неғұрлым көп болса, қант диабетінің даму ықтималдығы соғұрлым жоғары болады", - деді Шокур.

"Сонымен қатар, коронавирус инфекциясын емдеуге арналған вирусқа қарсы және гормондық препараттардың жанама әсерлері қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауына әсер етеді", - деп қосты ол.

Коронавирус инфекциясының жеңіл ағымында асқынулардың, соның ішінде қант диабетінің даму қаупі төмендейді.

"Жақында жүргізілген зерттеулер COVID-19-дың ауыр түрімен ауырған науқастардың 17 пайызында ұйқы безі зақымданатынын көрсетті. Вируспен асимптоматикалық немесе жеңіл түрде жұқтырған науқастарда қант диабетінің даму қаупі 1-2 пайыз ғана", - деп қорытындылады дәрігер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети