04 желтоқсан 2020 | 12:56

Коронавирус: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Үкімет басшысы Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Үкімет басшысы Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Премьер-министр Президентке 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеді. Асқар Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелді. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына осы жылдың соңына дейін 2 миллион мөлшерде отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылатыны туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысының Ресей Президенті Владимир Путинмен жасаған келісіміне сәйкес, осы жылдың 22 желтоқсанынан бастап Қазақстанда ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіру қолға алынады. 2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде тұрғындардың ауруды жұқтыру қаупі жоғары тобы, яғни дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдардың қызметкерлері қамтылады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге отандық вакцина өндірісіне қатысты берілген тапсырманы жедел орындағаны үшін алғыс білдіріп, дәрінің тиімділігіне баса мән беруді және тұрғындарға қолжетімді болуын бақылауда ұстауды тапсырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети