31 қазан 2020 17:46

"Коронавирус мутацияға ұшырады" - COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстанның COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдері Еуропадағы коронавирус инфекциясын жаңа жұқтыру жағдайларының 80 пайызына мутацияланған коронавирус себеп екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, бұл осы көктемде және жазда бүкіл әлемді құрсап алған вирустан өзгеше. Вирустың жаңа түріне 20A.EU1 атауы берілді.

Болжам бойынша, гендік мутация Испанияда маусымда пайда болып, Еуропаға оралған туристермен бірге таралған. Испаниялық генетик Иньаки Комас вирустың таралуы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың бұқаралық іс-шараға қатысуынан басталды деп болжайды. Ғалым вирустың одан әрі тез таралу себебін Испанияда демалып жатқандардың қауіпсіздік шараларын сақталмауынан көреді.

Жаңа мутацияның жұқпалылығы және аурудың ағымы тұрғысынан қауіптілігі әлі белгісіз. Бұған дейін, АҚШ-та осыдан да агрессивті, D614G деп аталған, SARS-CoV-2-нің мутациясы анықталған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети