Коронавирус: Павлодар облысында мектеп карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус: Павлодар облысында мектеп карантинге жабылды Фото: РИА Новости

Ақсу қаласындағы №2 орта мектепте екі оқушы мен педагогтен коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақсу қаласындағы №2 орта мектепте екі оқушы мен педагогтен коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, оқу жылының басынан бері оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың 61 жағдайы тіркелген. Оның 23-інде індет белгілері бар.

"37 бала қашықтықтан білім алды, ал 24 бала мектепке барды. Сонымен қатар, педагогтер арасында коронавирус жұқтырудың 17 дерегі тіркелді. Оның төртеуінде COVID-19 симптомы жоқ. Қазіргі таңда Ақсудағы №2 орта мектеп карантинге жабылды", - делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, білім ордасында оқитын бірінші сыныптың екі оқушысы мен педагог коронавирус жұқтырған.

Сонымен қатар, Тереңкөл ауданы, Шарбақты, Ертіс, Павлодар аудандары, Екібастұз және облыс орталығының оқушылары арасында да коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелген. Алайда бұл оқу процесіне әсер етпеген.

Айта кетейік, Павлодар облысында 4787 адам COVID-19 жұқтырды. 4182 науқас айықты, 58 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 117 904-ке жетті. 108 387 науқас жазылды, 1 899 адам аурудан көз жұмды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети