Коронавирус туралы аудиохабарлама жазған алматылық дәрігер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус туралы аудиохабарлама жазған алматылық дәрігер қайтыс болды

Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Асылханұлы Түсіпханов 49 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Асылханұлы Түсіпханов 49 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Болат Түсіпхановтың кенеттен қайтыс болуы бүкіл медицина қауымдастығы үшін орны толмас қаза. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ұжымы Болат Асылханұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген басқарма хабарламада.

Болат Асылханұлы жоғары санаттағы дәрігер, мамандығы бойынша 25 жыл жұмыс істеген. Әріптестері оны талантты хирург ретінде сипаттайды. Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананада 2018 жылдан бері жұмыс істеген.

Еске салайық, осыған дейін Желіде алматылық дәрігердің аудиожазбасы тараған болатын. 

"Менің екі хирургым ауырып қалды, олар науқастармен байланыста болды, сонда жұмыс істеді. Біреуі жансақтау бөлімінде жатып, әрең есін жиды, екіншісі тіптен жатып қалды. Ал бүгін біздің меңгерушіміз ауырып қалды.

Ауруханалар науқастарға толы. Жансақтау бөлімінде орын жоқ. Аппараттар жеткіліксіз. Бұл шындық. Тіпті жағдайы орташа ауыр науқастар үйлерінде қалып жатыр. Сізге ешкім дәрі бермейді. Сондықтан тағы да айтамын, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, абай болыңыздар", - деген еді Болат Түсіпханов аудиожазбада.

Кейінірек бұл аудионы дәрігердің туыстарына жазғаны анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети