Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша ақпаратты халықтан жасырмайтынына сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша ақпаратты халықтан жасырмайтынына сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шын жағдайды ешкім жасырмайтынын айтып өткім келеді. Күн сайын болатын жағдайды штабта қарастырамыз. Өлім жағдайы - басты проблема. Мен бүгін ешкім ақпаратты жасырмайтынын айтқым келеді. Әр облыс бойынша жағдайды күн сайын таңғы тоғызда штаб қарайды. Онда облыстың жағдайы да, елді мекендердегі жағдай да, компаниялардағы жағдайын да - барлық сала қаралады. Мысалы, бүгін Атырау облысын қарады. Тәулігіне 342 (ауырған) адам", - деді Тоғжанов ОКҚ брифингінде.
Вице-премьер ақпаратты жасыру ешкімге пайда әкелмейтінін атап өтті.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың өлім жағдайлары туралы мәліметтерді дүйсенбі сайын аптасына бір рет жариялайтынын хабарлады.
"Негізінде, бұл цифрлар бар, бірақ дүйсенбіде барлығы осы сандарды күтіп, өзара салыстыруға болатындай бір апталық кезеңді жасағымыз келеді. Біз өзіміз күн сайын мониторинг жүргіземіз", - деп түсіндірді министр.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар халықты ақпараттандыру процесін әлсіреткенін мәлімдеген.
"Үш ай бұрын құрылған коронавирус жөніндегі республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Індетке қарсы күреске жауапты шенеуніктер қоғамды жаңылыстырып отыр", - деп мәлімдеген еді Тоқаев.
Кейін ол вице-премьер Тоғжановқа, министрге және бірнеше әкімге сөгіс жариялаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!