Коронавирусқа байланысты Nur Otan партиясының отырысы өтпеуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусқа байланысты Nur Otan партиясының отырысы өтпеуі мүмкін © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынуына байланысты Nur Otan партиясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтпеуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынуына байланысты Nur Otan партиясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтпеуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Nur Otan партиясының 18 наурызға белгіленген кеңейтілген отырысының өту-өтпеуі белгісіз. Әзірше шешім қабылданған жоқ. Шешім шыққан кезде мәлімет беріледі", - деді Тоғжанов Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан брифингте.

Мұның алдында Тоғжанов орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатынын мәлімдеген болатын.

Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады

Еске салайық, кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети