Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды Фото:elements.envato.com

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Құжаттар мұқият тексерілгеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігі QazCovid-in® қазақстандық вакцинасын клиникалық зерттеудің I/II фазасын жүргізуге рұқсат берді.

"Бірінші және екінші кезең шеңберінде еріктілерді вакцинациялау жүргізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинациялауға рұқсат берді. Клиникалық зерттеуге тек 244 ерікті қажет болатын. Алайда, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына (БҚПҒЗИ) Қазақстанның барлық өңірінен клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген еріктілерден он күннің ішінде түскен өтініштер саны әлдеқайда көп болды. Хабарландыру шыққаннан кейін бірнеше күн өткен соң өтінішдерді қабылдауды тоқтатуға мәжбүр болдық. Отандастарымызға ғылым саласына көрсеткен қолдаулары мен сенімдері үшін алғысымызды білдіреміз", – деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Вакцинаны клиникалық зерттеу 18-50 жас аралығындағы дені сау ересек еріктілер арасында жүргізіледі. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға бағытталған зерттеудің I фазасына коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші фазада 200 еріктінің қатысуы жоспарланып отыр. 

БҚПҒЗИ-ға Қазақстанның барлық өңірінен клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген еріктілерден 688 өтініш келіп түскенін айта кеткен жөн. Енді олар скринингтен өтіп, вакцинацияланатын еріктілер тобы құрылады.

Клиникалық зерттеулер аккредиттелген клиникалық база – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" РМК және GCP стандарты бойынша сертификатталған база – Сentre for Clinical Medicine and Research ЖШС-де өтеді.

Мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2020 жылғы 15 мамырда қазақстандық коронавирусқа қарсы белсенділігі жойылған вакцинаны кандидаттық вакциналар тізіміне, ал 29 тамызда клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналардың қатарына қосқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети