12 қыркүйек 2020 | 16:16

Коронавирусқа қарсы вакцинаны сынап жатқан қазақстандық ғалымдардың жағдайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусқа қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасын өзіне сынап жатқан ғалымдардың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ілім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасын өзіне сынап жатқан ғалымдардың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ілім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

42 күні оларда өсіп келе жатқан иммунитет қалыптасқан, қазір олар өзін жақсы сезінеді. Талдаулар нәтижесінде, арасы 21 күннен 0,5 см3/бас дозасын екі рет бұлшықетке иммундау кезінде вакцина организмде 5,0 (1:32) log2-ден 9 (1:512) log2-ге дейінгі титрлерде вирусты бейтараптандыратын (қорғаныш) антиденелердің пайда болуын ынталандырады. Бұл деректер тұрақты өсетін иммунитеттің қалыптасуын көрсетеді.

"Жақында шетелдік және қазақстандық желілік басылымдарда Нанкин университеті Медицина мектебінің қытайлық ғалымдары COVID-19 иммунитеті тез жоғалып кететінін анықтады деген ақпарат пайда болды. Олардың айтуынша, SARS-CoV-2 антиденелерінің саны адам қалпына келгеннен кейін төрт аптадан соң күрт төмендейді. Өз зерттеулеріміздің нәтижесіне және иммунология мен эпидемиологияның дәстүрлі заңдылықтарына сүйене отырып, қытай ғалымдары жариялаған ақпарат қате немесе дұрыс түсіндірілмеген деп санаймыз", - деді Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарья.

Хабарламада институтта наурыздан бері әртүрлі кезеңдерде коронавирус жұқтырып, сауыққаннан кейінгі қан сарысуының үлгілері зерттелетіні айтылған. Ақпаратқа сәйкес, мұндай адамдарда вирустық антиденелердің титрлері 3 (1:8) log2-ден 8 (1:256) log2-ге дейін болады.

Институт өкілдері симптомсыз ауырған адамдарда антиденелердің титрлері көбіне төмен болғанын айтты. Зерттеуге ауру көрінісі ауыр болған төрт адам және белгілерсіз төрт адам қатысты. Біріншісінің антиденелері 1:64-тен 1:256-ға дейін, ал екіншісінің 1:8-ден 1:128-ге дейін болған.

"Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ауырып, табиғи түрде жазылған адамдардың (100 пайыз) және белсенді емес вакцинамен егілгендерден (100 пайыз) алынған қан сарысуының барлық үлгісінде сенімді бейтараптандыратын антиденелер бар екені анықталды.

Бұл сауыққан және егілген адамдардың қан сарысуында антиденелердің жоғары бейтараптандыратын сенімділігін көрсетеді. Барлық ерікті мен қызметкердің дені сау, өздерін жақсы сезінетінін және ғылыми-техникалық бағдарлама аясында жұмысын жалғастыратынын атап өткім келеді", - деп толықтырды Күнсұлу Закарья.

Бұған дейін ветеринария ғылымдарының докторы және коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Леспек Күтімбетов адамдаға сынақтар қыркүйекте басталатынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети