11 қыркүйек 2020 | 18:00

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы қандай болуы мүмкін?

Дәурен Ерболат Журналист
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы тұмауға қарсы екпенің құнымен бірдей болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы тұмауға қарсы екпенің құнымен бірдей болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрлік өкілдерінен қазақстандықтар үшін коронавирусқа қарсы екпені салғызу қанша тұратынын сұрады.

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаны 2 миллион қазақстандық тегін салғызуға мүмкіндігі бар. Ал қалғаны екпені сатып алуы керек.

"Ресейлік, франциялық вакциналар бар. Олардың бағасы - 2100-4500 теңге аралығында. Жағдайыңызға қарай екпенің кез келген түрін алуға мүмкіндігіңіз бар", - дейді Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов.

Елімізде ауруханалар COVID-19 жұқтырған қанша науқасты қабылдай алады?

Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Бекенов тұмауға қарсы екпе туралы айтып отырғанын жеткізді.

"Бұл ақпарат тұмауға қарсы вакцинаға қатысты. Ал коронавирусқа қарсы екпе әлі дайын емес, оның бағасы қанша болатыны да белгісіз. Алайда оның бағасы тұмауға қарсы екпенің құнымен бірдей болатын шығар", - деді ол.

Коронавируспен күреске бөлінген қаражат басқа жаққа кетпейді - ДСМ

Сондай-ақ, Жұмабек Бекенов тұмауға қарсы екпе кез келген вирустан қорғайтынын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная