11 қыркүйек 2020 17:37

Коронавируспен күреске бөлінген қаражат басқа жаққа кетпейді - ДСМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың бір теңгесі де басқа жаққа кетпегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың бір теңгесі де басқа жаққа кетпегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус және пневмониямен күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға барлығы 102,8 миллиард теңге жоспарланған. Наурыздан шілдеге дейін 76 миллиард теңге жұмсалды, оның 57 миллиарды денсаулық сақтау қызметкерлеріне берілетін жәрдемақыға кетті.

Карантиндік және уақытша ауруханаға жатқызуға, коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге 16,1 миллиард теңге жұмсалды. ПТР-тестілер сатып алуға сол ақшадан 2,9 миллиард теңге кетті. Қазіргі уақытта мобильді топтарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Үш мыңнан аса топ құрылды, ал оларға 24 миллион теңге жұмсалды", - деді Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте.

Журналистер одан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой брифингтерге неге тұрақты қатыспайтынын сұрады.

"Бұл осы миллиардтарды мақсатсыз пайдалануға және сіздердің министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу жүріп жатқанына байланысты ма?" - деп сұрады журналист.

Еске салайық, 2 тамызда денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынғаны белгілі болған. Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

"Жоқ, бұл қаражат бақылауда, маған сеніңіздер. Себебі коронавируспен күрес - бұл жалпыхалықтық науқан. Үкіметте де, Есеп комитетінде де, барлық құқық қорғау органында, Қаржы министрлігінде және жергілікті барлық қаржылық және басқа да әкімшілік комиссияларда бюджеттерді партиялық қадағалау бар.

Сондықтан, маған сеніңіздер, бұл ақшаның бірде-бір теңгесі басқа жаққа кеткен жоқ, олардың барлығы мақсат бойынша жұмсалады. Егер коронавируспен күреске бөлінген қаражат мақсатты түрде жұмсалмаған болса, сіздер бұл туралы бірінші болып білесіздер", - деп уәде етті Қожахметов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети