Коронавирусқа қатысты жағдай күрделі - ДСМ басшысы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусқа қатысты жағдай күрделі - ДСМ басшысы

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай күрделі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай күрделі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Республикада коронавирусқа қатысты жағдай күрделі, ал өткен аптада жағдай алдыңғы аптамен салыстырғанда тұрақталды. Жыл басынан бері Қазақстанда 250 мыңнан астам адам коронавируспен ауырды", - деді Ғиният үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, соңғы аптадағы орташа тәуліктік жағдай 8 мыңнан асқан.

"Матрица бойынша, республикада 14 облыс "қызыл" аймақта. Қызылорда облысы мен Шымкент "сары" аймаққа, Түркістан облысы "жасыл" аймаққа көшті. Желтоқсанмен салыстырғанда қаңтарда өлім-жітім 1,3 есеге төмендеді", - деп қосты министр.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы 2,4 есеге өскен:

  • аурушаңдық 5 облыста 6 есеге өскені байқалады - Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында;
  • 7 облыста аурушаңдық 2 еседен 6 есеге дейін өсті: Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарында және Алматы қаласында;
  • 2 есеге дейін өскен - 5 облыста: Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында.

"Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар халық арасында алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруы қажет. Бұл жұмысқа барлық мүдделі мемлекеттік орган мен ұйым, қоғамдық ұйымдарды тарту керек", - деп түйіндеді сөзін Ғиният.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети