Коронавирусқа ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстанға кіргізілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусқа ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстанға кіргізілмейді Tengrinews.kz мұрағатынан

Шетелдіктер Қазақстанға коронавирусты анықтайтын ПТР-сіз кіре алмайды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдіктер Қазақстанға коронавирусты анықтайтын ПТР-сіз кіре алмайды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл 6 қазаннан бастап әуе рейстерімен келетін шетелдік азаматтар ПТР әдісімен COVID-19-ға тесілеуден өткені туралы анықтамасыз Қазақстанға кіргізілмейді. Анықтама мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өту сәтінде 72 сағаттан аспауы тиіс", - деп хабарлады Байғабылов. 

Ал халықаралық рейстермен келген қазақстандықтарда осындай мерзіммен анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға оқшауланады.

Ол бұл талаптар әуе қатынасы ашылған барлық елге қолданылатынын түсіндірді.

"Осындай шектеу талаптары Қазақстанға мемлекеттік шекарадағы теміржол, теңіз, өзен көлігі және автоөтпе жолдардағы өткізу пункттері арқылы келетін адамдарға да қатысты қолданылады", - деп атап өтті көліктегі бас санитар дәрігер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети