20 сәуір 2021 | 13:37

Коронавируспен күреске 265 миллиард теңге бөлінбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 265 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджет шығындары туралы баяндамасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 265 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджет шығындары туралы баяндамасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында 2021 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасына дауыс берілді.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, пандемиямен күрес жөніндегі шаралар мен бұрын қабылданған міндеттемелерге басымдық берілді. 

"Эпидемияға қарсы іс-шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде:

- карантин шараларын жүргізуге жұмылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге - 70 миллиард теңге;

- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеуге - 80 миллиард теңге", - деді Жамаубаев.

Ол бюджеттен бөлінетін қаржы 1,3 триллион теңгеге ұлғайып, 15,3 триллионға жеткенін айтты. Бюджет шығыны 279 миллиард теңге қосымша түсім мен Ұлттық қордан 850 миллиард теңге сомасында нысаналы трансферт тарту есебінен ұлғайған. Бұдан басқа, Президент бастамаларына бюджет бөлу процесі қайта қаралған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети