Коронавируспен күреске қосымша 125 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавируспен күреске қосымша 125 миллиард теңге бөлінеді

Коронавируспен күреске бұған дейін бөлінген 23 миллиард тегеден бөлек тағы 125 миллиард теңге қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавируспен күреске бұған дейін бөлінген 23 миллиард тегеден бөлек тағы 125 миллиард теңге қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың бюджетін нақтылау кезінде эпидемияға қарсы 125 миллиард 283 миллион 500 мың теңге қарастырылған.  

Оның 40 миллион 609 мың 800 теңгесі коронавирус кезінде қызмет ететін денсаулық сақтау саласындағы мамандарына қарастырылған. 

19 миллион 509 мың 600 теңге - коронавирустық жұқпасы бар адамдарды және жұғуы мүмкін деген күдікке ілінген адамдарды емдеуге, COVID-19 жаңа коронавирустық жұқпасы бар науқастармен байланыста болғанын адамдарды оқшаулау мақсатында медициналық ұйымдарға медициналық қызметтер үшін;

14 миллион 80 мың теңге - жалпы алғанда 680 орынға арналған Нұр-сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында карантиндік үлгідегі медициналық кешендер салуға;

30 миллион 815 мың 700 теңге - төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттарын (АӘК алушылар, оның ішінде 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, 1-3 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, мүгедек баланы күтумен айналысатын адамдар, ресми тіркелген жұмыссыздар) азық-түлік-тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етуге. Азық-түлік-тұрмыстық жиынтықпен шамамен екі миллион адам қамтамасыз етіледі;

8 миллион 91 мың 800 теңге - Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, Ұлттық ұланның және Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне 1 лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақы төлеуге;

4 миллион 58 мың 400 теңге - байланыс қызметтерімен және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

5 миллион 623 мың 100 теңге - сот медициналық сараптама қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети