Коронавирустан айыққан америкалық қыз қазақстандықтарға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустан айыққан америкалық қыз қазақстандықтарға кеңес берді Фото: 24.kz

Коронавирустан айыққан Нью-Йорк тұрғыны Марисса Котэ қазақстандықтарға кеңес берді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустан айыққан Нью-Йорк тұрғыны Марисса Котэ қазақстандықтарға кеңес берді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Америкалық қыз коронавирусты 21 наурызда жұқтырған.

"Дене қызуым көтерілді, басым қатты ауырды, өзімді әлсіз сезіндім. Қатты қиналдым, бес айлық қызым бар. COVID-19 сараптамасы вирус барын көрсетеді деп ойламадым да. Себебі менде коронавирустың белгілері аса байқалған жоқ. Жөтел болған жоқ, тыныс алу да қиындамады", - дейді ол.

Дереккөз мәліметінше, қазіргі уақытта Мариссаның денсаулығы дұрысталды, дегенмен ол әлі де өзін оқшаулап отыр. Оның айтуынша, вирус Нью-Йорктен шет жерде Уэстчестер округінде жұққан.

"Бірақ менде әлі күнге дейін коронавирустың бір белгісі байқалады - иіс пен дәм сезбеймін. Бірақ дәрігер бірнеше күн немесе бірнеше аптадан соң барлығы реттелетінін айтты. Себебі бүгінде коронавирусты емдейтін арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Ең бастысы позитив болу. Суды көп ішіңіздер, дәрумен ішуді ұмытпаңыздар. Жақсы көңіл-күй болуы керек. Ауырғандардың көбі жазылып жатыр", - дейді Марисса.

Дәрігер коронавирустан қалай айыққанын айтып берді

Қазір ол дәрігерлер суық тиюден жазып берген дәрілерді ішіп жатыр екен. Мариссаның айтуынша, үйдің ішін дезинфекциялап, есік, телефон, асүй заттарын және басқа да тұрмыс бұйымдарын тазалау керек.

"Әрине, сараптама қорытындысы шыққанда кішкене қорықтым. Отбасым үшін алаңдадым. Себебі коронавирустан қайтыс болғандар туралы көп жазылып жатыр. Қазақстандықтарға берер кеңесім: жақсы көңіл-күймен жүріңіздер, телефондарыңызды өшіріп тастаңыздар, жаман жаңалықтарды тыңдамаңыздар. Негатив жаңалықтардан аулақ болуға тырысыңыз", - деді Марисса.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети