Павлодарда коронавирустан қайтыс болған 58 жастағы ер адамға қатысты мәлімет пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда коронавирустан қайтыс болған 58 жастағы ер адамға қатысты мәлімет пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Короновирус инфекциясы Павлодар қаласының 1962 жылғы азаматынан анықталып, расталған. Ол фтизиатр дәрігердің диспансерлік есебінде тұрған", - делінген хабарламада.
Ер адам облыстық туберкулезге қарсы диспансерде тұрақты түрде стационарлық ем қабылдап, тұрғылықты мекенжайында амбулаторлық ем алған. 29 мамырда ол дәрігерге келіп, өзін нашар сезінгенін айтып, демікпе, қақырық түсетін жөтел, оң жақтағы жауырынында ауырсыну пайда болғанына шағым білдірді. Кейін одан COVID-19 анықтау мақсатында талдау алынған.
3 маусымда COVID-19 анықтау үшін алынған талдау қорытындысы оң болып шыққан. Ер адам бірден инфекциялық стационардың жансақтау бөліміне жеткізіліп, жағдайының нашарлауына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
"Науқасқа барлық қажет медициналық көмек көрсетілді, тиісті мамандардың кеңесі ұйымдастырылды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының сарапшылар тобымен күнделікті консилиум өткізіліп тұрды. Емдеу бекітілген стандарттар, аурулар диагностикасы мен емдеу стандарттарына сәйкес жүргізілді. Қарқынды терапияның жүргізілуіне қарамастан пациент 9 маусым күні сағат 08:00-де қайтыс болды", - деді ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, кеше Түркістан және Павлодар облыстарында коронавирустан 3 науқастың көз жұмғаны хабарланған болатын. Ал жалпы Қазақстан бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 61-ге жетті. Ал вирус жұқтырғандардың саны - 13 319.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!