24 қыркүйек 2020 | 11:41

Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда жұмыссыздарға төлем өсуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда карантин салдарынан жұмысынан айырылғандарға берілетін төлемді көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда карантин салдарынан жұмысынан айырылғандарға берілетін төлемді көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Инфрақұрылымдық жобалар есебінен жұмыс орындарын сақтау және құру, жұмыспен қамту жол картасын жалғастыру бойынша шаралар қабылданады. "Еңбек" бағдарламасы аясында субсидияланатын жұмыс орындарының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Қысқартылған жұмысқа көшу кезінде өтемақы не жалақының бір бөлігін ең төменгі бір жалақы деңгейінде субсидиялау енгізілуі мүмкін. Карантин кезеңінде жұмыссыздар үшін жұмысынан айырылған кезеңде төлемді арттыру бойынша ұсыныстар енгізу жоспарда бар", - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Еске салайық, мұның алдында министр коронавирустың екінші толқыны болса, қанша адам жұмыссыз қалатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны болса, 4 миллион адам жұмыс режимін сақтап қалуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети