Коронавирустың таралуына ауа райының әсері жоқ - БҰҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустың таралуына ауа райының әсері жоқ - БҰҰ Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мамандандырылған мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) сарапшылары ауа райының COVID-19 таралу динамикасына әсерін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мамандандырылған мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) сарапшылары ауа райының COVID-19 таралу динамикасына әсерін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, коронавирус төмен температурада ұзағырақ өмір сүрсе де, оның таралу динамикасы метеорологиялық факторларға емес, ең алдымен сақтық шараларына байланысты.

"CAVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 вирусын зерттеу кезінде оның суық, құрғақ жағдайда және ультракүлгін сәулелену төмен деңгейде ұзағырақ өмір сүретінін көрсететін мәліметтер алдық. Алайда бұл зерттеулер метеорологиялық факторлардың вирустың таралу қарқынына тікелей әсер ететінін әлі көрсеткен жоқ", - делінген хабарламада.

Джонс Хопкинс университетінің профессоры Бен Зайчик метеорологиялық факторлар мен ауа сапасын инфекцияның таралу қарқынын төмендетуге бағытталған үкіметтік шараларды жеңілдету үшін негіз ретінде пайдалануға болмайтынын атап өтті.

Ауа сапасының пандемияға әсері бойынша да әзірге нақты тұжырымдар жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, ауа сапасының нашарлығы COVID-19-дан өлім көрсеткішін арттырады, бірақ вирустың таралуына әсер етпейді.

Денсаулық сақтау министрлігі де осындай пікірде. Ғалымдар да ауа райының жылынуы коронавирусты өлтіреді деген болжам қиял екенін айтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети