Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді - Тоқаев Фото: Ақорда

Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, ең бастысы шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, ең бастысы шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді.

"Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети