22 қаңтар 2014 | 12:55

Көршісінен қорғанамын деп үшінші қабаттан секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kriminalka.kz сайтынан Фото kriminalka.kz сайтынан

Қарағандыда екі пышағы бар көршісінен басын қорғамақ болған 57 жастағы ер адам үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz "Новый Вестник" газетіне сілтеме жасап. Құлаған кезде оның бірнеше жерден сүйегі сынған. Төтенше оқиға "Степной-4" ықшамауданында болды. Ер адам сол күні 29 жастағы көршісіне келіп, қарызын қайтаруды сұраған. "Жаңа жылға дейін көрші жігіт бұдан 2000 теңге алған. Күйеуім есікті қаққанда ол үйге кіргізіп, дастархан жайған. Көрші арақ ішуді ұсынғанда күйеуім бас тартқан", - дейді зардап шегушінің әйелі. Қарыз жайлы әңгіме жігіттің ашуына тиген. Ол кенет қонағынан еден жууды талап еткен. "Ойлап көріңізші, күйеуім 57-де, ал ана боқмұрын үлкендермен солай сөйлеседі. Күйеуім "Неге мен еден жууым керек екен?" деген. Ал ол айтқанын істемесе, бауыздайтынын айтқан", - дейді әйел. Көрші жігіт есікті құлыптап, қолына екі пышақ алған. Тұзаққа түскендей болған ер адамның зәресі қалмайды. "Ол қорқып кетіп, терезеден секірген. Оның басқа амалы болмаған еді. Абырой болғанда, төменде дүкеннің күнқағар шатыры болды, ол соған құлады. Көрші болса, жоғарыдан оған тәрелке, қасық, кесе лақтырған", - дейді жәбірленушінің жары. Оқиға орнына келген полицейлер елірген жігітті ұстап әкетті. Тұрғындардың айтуынша, бұрын да бұл адамның түсініксіз қылықтары байқалған. Ол ешкіммен сөйлеспей, жиі арақ ішкен, көршілердің есігін қағып, қашып кететін болған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети