Қорықшыны өлтіргендер сотта шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорықшыны өлтіргендер сотта шу шығарды Видеодан алынған кадр

Инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық істің фигуранттары сот залында жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық істің фигуранттары сот залында жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья үкімді жария еткеннен кейін сотталған Қайрат Ақшанов шешімнің әділетсіздігін мәлімдеді.

"Құрметті сот, бұл әділ шешім бе? Сізге қысым жасады ма? Үкім тым қатал! Іс бойынша шикі сәттер көп екенін білесіз", - деді Қайрат Ақшанов сотқа.

Ақшановтың сөзін басқалар да қолдады. Көбі жылап жіберді. Приставтар мен айдауылдар сотталғандарды тыныштандыруға тырысты және залдан шығаруға асықты. Ал судья Қайрат Қасымов өз сөзін аяқтамай залдан шығып кетті.

Сотталғандардың адвокаттары үкімге шағым жасайтынын мәлімдеген. Олардың пікірінше, сот өте қатаң үкім шығарған. 

"Бұл процесс бастапқыдан баспасөз бен халықтың назарын өзіне аударды. Резонанс туғызды. Жәбірленуші тарап арыз берген соң, халықтың қорғаушыларға деген біржақты көзқарастары пайда болды. Сондықтан сот біздің өтінішімізді қабылдамады. Біз істе құқық бұзушылықтар көп екенін бірнеше рет мәлімдегенбіз, бірақ бізді ешкім тыңдамады. Судья прокурордың қорытындысын толығымен қолдады", - деді құқық қорғаушы Ерлан Шолахов.

Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Судья Қайрат Қасымов үш сотталушыны өмір бойына, тағы төртеуін алты жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот олардан қоршаған ортаға залал келтірілгендері үшін өтемақы ретінде 89 миллион теңге өндірді. Жәбірленушілердің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды.

Еске салайық, 27 тамызда Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы басталған. Күдіктілердің қатарында Қызылорда облысының жеті тұрғыны болған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, биыл қаңтарда олар алдын ала келісіп, Қарағанды облысының Нұра ауданына ақбөкенді аулауға шыққан.

Онда 17 ақбөкенді атып, "Охотзоопром" қорық қызметкерлерінің көзіне түскен. Олар қашып құтыламыз деп инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкке шабуыл жасаған. Нәтижесінде екі қызметкер де ауыр жарақат алды. Ер адамдар олардың қызметтік көлігі мен GPS кілттерін алып кеткендіктен, зардап шеккендерді бірнеше сағаттан кейін ғана табу мүмкін болған. Алайда Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети